Қала емханаларының жұмысымен танысу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы “Салауатты Астана” ЖШС “Жағалау”отбасылық денсаулық орталықтарының біріне жолықты.
Сапар барысында ағымдағы жұмыстармен және МСАК деңгейінде медициналық көмек көрсетудегі проблемалық мәселелермен танысты. ОДО жұмыскерлері мен пациенттермен сұхбаттасты. Скринингтік зерттеулердің, медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі мәселелерін талқылады.