Найти своего врача

Салауатты Астана

«Болашақ» Корпоративтік қоры 17-18 сәуір Астана қаласында «Шектеуден тыс: аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты – аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) туралы қоғамның хабардарлығы мен түсінігін арттыру, аутизмі бар балаларды диагностикалау және қолдау саласындағы озық тәжірибелермен алмасу, аутизмі бар балалар мен ересектерді қоғамға қосу жөніндегі бастамаларды ілгерілету, дамыту, өзін-өзі жүзеге асырудың тең мүмкіндіктерін насихаттау болып табылады.

Халықаралық конференцияның спикерлері – АҚШ-тың халықаралық мінез-құлықты талдау ұйымының (IBAO) атқарушы директоры Майкл Мюллер (Ph.D., BCBA-D, IBA), Франциядағы психомоторлық терапевттер Федерациясы Бас хатшысының орынбасары Николас Райнал, Ресей, Қырғызстан, Өзбектан және Қазақстанның мінез-құлық талдаушылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Іс-шарада аутизм бойынша әлемдік және отандық контексттегі қазіргі ахуал, ерте жастағы диагностика және қолдау жұмыстары, мінез-құлықты қолданбалы талдау, ауыр/жағымсыз мінез-құлықпен жұмыс, жетіспейтін дағдыларды дамыту, инклюзиялық білім беруді ұйымдастыру, ерекше балалардың ата-аналарына көмек, АСБ-бар балалар мен ересектермен жұмыста қолдануға тұрарлық әдіс-тәсілдер, құралдар т.б көптеген тақырыптар қозғалады.

Конференцияның толық бағдарламасымен https://bolashakcharity.kz/conference2024/ сайтында таныса аласыздар.
Қатысу тыңдаушыларға тегін, тіркелу профильдегі сілтеме бойынша немесе аталған сайттағы сілтеме бойынша жүзеге асырылады. Іс-шара Назарбаев Университетінде (Тұран, 64 ) өтеді.
Сіздерді халықаралық конференциямызда асыға күтеміз! 

Номера контакт-центра

Байланыс орталығының нөмірлері

DMIRux640

Қазақстандағы қызылша эпидемиясы: Сонғы 10 жылдағы ең ірі індет Қызылшыға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады, біз ата-аналарды балаларды қызылшаға қарсы вакцинация алуға шақырамыз. Қызылшаға қарсы екпе жайлы немесе тағы басқа сұрақтар бойынша Сall-орталығына қоңырау шалуды сұраймыз : 8(7172) 71-80-18; 8(7172) 72-80-15; 8(700) 172-80-18; 8(778) 003-71-44