"Салауатты Астана" ЖШС отбасылық дәрігерлік орталығы:
«Салауатты Астана» ЖШС отбасылық дәрігерлік орталығы 2012 жылы құрылды. Мекеме жұмысы шағын амбулаториядан басталды. Ал қазіргі таңда елордада орталықтың бірнеше филиалдары ашылып, жергілікті тұрғындарға тегін алғашқы медициналық көмек беріп, қызмет етеді. Сондай-ақ, орталыққа қарасты жедел жәрдем қызметі де бар.